384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЮНИСЕФ: Балаларды жұмысқа тартуды тоқтату керек

  • 56
  • UPD: 08:11, 14.06.2019
ЮНИСЕФ: Балаларды жұмысқа тартуды тоқтату керек

БҰҰ-ның мәліметі бойынша Үндістанда балаларды еңбекке тарту мәселесі өзекті.

Қазір елде шамамен 4 жарым млн бала еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – 9 жасқа толмағандар. Мектеп жасындағы балалар көбінесе құрылыс жұмыстары, өндірістік зауыттар мен туризм саласына тартылған. Мұндай жағдай Үндістанның барлық қалаларында байқалады. Осыған орай ЮНИСЕФ жергілікті билікті балалардың ауыр жұмысқа жегілуін болдырмау үшін тиісті шара қолдануды талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы