384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та мигранттарды отбасынан ажыратуға қарсы акция өтті

  • 293
АҚШ-та мигранттарды отбасынан ажыратуға қарсы акция өтті © EPA-EFE/KAMIL KRZACZYNSKI

Нью-Йорк көшелерінде тор ішінде қамалған бала бейнеленген ондаған инсталляция пайда болды.

Бұл – Америка-Мексика шекарасында ұсталған мигранттарды отбасынан ажырату мен олардың балаларын қамауда ұстауға қарсы наразылық акциясы. Осылайша, ұйымдастырушылар биліктің оңтүстік шекарадағы әрекетіне қоғам назарын аудартпақ болған. Себебі соңғы бір жылдың өзінде тор ішінде кәмелетке толмаған 6 бала көз жұмған. Бірақ Нью-Йорк полицейлері оны заңсыз деп танып, мегаполис көшелеріндегі инсталляцияларды дереу алып тастады.

Хабар 24 телеарнасы