389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика мен Гватемала шекарасындағы мигранттар жаппай Мехикоға ағылуда

  • 254
Мексика мен Гватемала шекарасындағы мигранттар жаппай Мехикоға ағылуда Trend.Az

Мексика мен Гватемала шекарасындағы мигранттар жаппай Мехикоға келіп жатыр.

Себебі билік өкілдері Ұлттық гвардиянының мыңдаған әскерін шекараға жіберу арқылы көші-қон саясатын күшейтпек. Еске сала кетейік, АҚШ тарапы санкция салмас үшін, Мексика олармен ортақ жасырын келісімге қол қойған болатын. Соның бір бөлімі – Құрама Штаттарға бағытталған босқындар ағынын азайту. Құжатқа сай, Мексика, Сальвадор, Гватемала және Гондурас елдері Орталық Америкадан келген мигранттарды тіркеуге алып, көмек көрсетуі тиіс. Ал бұған келіспей босып жүргендерді, АҚШ аумағына өтпек болғандарды қинап, еліне қайтарады. Бұл жаңалықтан соң, мигранттардың басым бөлігі тіркеуден өтуге Мехикоға ағылып жатыр. Ал АҚШ келісімнің тиімділігін тексеру мақсатында Мексика билігіне 45 күн уақыт берді.

Хабар 24 телеарнасы