384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцарияда әйелдер шеруге шықты

  • 46
  • UPD: 07:35, 15.06.2019
Швейцарияда әйелдер шеруге шықты

Швейцарияда әйелдердің құқығын қорғауға арналған шеру өтіп жатыр.

Жүздеген қыз-келіншек Лозанна қаласындағы шіркеу алдына жиналған. Олар биліктен гендерлік теңсіздікті тоқтатуды талап етуде.

Айта кетсек, бұл – Швейцария тарихында осымен екінші рет өтіп жатқан әйелдер шеруі. 1991 жылы наразылық білдірушілер әйелдер құқығын қорғайтын заңның қабылдануына қол жеткізген еді. Дей тұрғанмен акция ұйымдастырушыларының айтуынша, елдегі гендерлік теңдік саясаты әлі де көңіл көншітпейді. Мәселен, бүгінде Швейцарияда нәзік жандылардың жалақысы ер азаматтардан 20 процентке төмен.

Хабар 24 телеарнасы