384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Трамп Беларуське қарсы санкциялардың мерзімін ұзартты

  • 111
  • UPD: 07:35, 15.06.2019
Д.Трамп Беларуське қарсы санкциялардың мерзімін ұзартты

АҚШ президенті Дональлд Трамп осыдан 13 жыл бұрын Беларуське қарсы салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты.

Санкция президент Аленксандр Лукашенко мен оның режиміне қарсы бағытталған. Ақ үй басшысының айтуынша, Беларусьтің ұстанған саясаты Американың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы кіші Джордж Буш Беларусьтегі президенттік сайлаудан кейін осы елге қарсы санкция салған болатын. Ол кезде саяси додада Александр Лукашенко жеңіске жеткен. Шектеулердің кесірінен екі елдің біраз компаниялары зардап шеккен еді.

Хабар 24 телеарнасы