384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та кәсіпкерлер сауда соғысына қарсы

  • 172
  • UPD: 10:43, 15.06.2019
АҚШ-та кәсіпкерлер сауда соғысына қарсы BBC

Американың 600-ден аса компаниясы президент Дональд Трампқа АҚШ-Қытай сауда соғысын тоқтату туралы хат жолдады.

Бизнес өкілдері Ақ үй басшысының әрекеті нақ осы америкалық компаниялар мен тұтынушыларға кері ықпал ететінін жеткізген. Олардың есептеуінше, 4 адамнан тұратын отбасының жылдық шығыны шамамен 2000 долларға артады. Сонымен қатар бұл үндеуде қытайлық тауарларға енгізілген 25 пайыздық салық АҚШ-тағы 2 миллионға жуық жұмыс орнының қысқаруына әкелетіні жазылған. Өз кезегінде АҚШ-тың ұлттық экономикалық кеңесінің басшысы Лоуренс Кадлоу бұған дейін сауда соғысы Құрама Штаттарға айтарлықтай әсер етпейтінін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, одан көбіне Қытай елі зардап шегеді.

Хабар 24 телеарнасы