384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда өзендегі көпір құлады

  • 188
  • UPD: 15:21, 15.06.2019
Қытайда өзендегі көпір құлады

Қытайдың Гуандун провинциясында көпір опырылып, 2 көлік суға құлады.

Оқиға Синьфэн өзенінің үстімен өтетін көпірде болды. Бір жүргізуші құтқарылды, ал өзге көліктегі адамдар әлі табылмай жатыр. Оқиға орнында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал ресми дерекке қарағанда, «Дунцзян» көпірі 1972 жылы салынған. Қазір полиция оның құлауының себебін анықтауда. Жергілікті билік болса апатқа аймақтағы нөсер мен су тасқыны себеп деп болжап отыр.

Хабар 24 телеарнасы