384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияның кейбір аймақтарында төтенше жағдай жарияланды

  • 125
  • UPD: 07:39, 16.06.2019
Британияның кейбір аймақтарында төтенше жағдай жарияланды

Ұлыбританияның шығысында толассыз жапуған жауыннан, аймақтағы ірі өзеннің бірі арнасынан тасыды.

Линкольншир графтығында ондаған мекенді су басып, тұрғыдар қауіпсіз жерге көшірілді. Кей аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Табиғат апатының салдарымен күреске өрт сөндірушілер және әскерилер жұмылдырылған. Қазір олар тікұшақтармен өзен арналарының шетін құммен бекітуде. Ал ауа райын болжаушылардың айтуынша бірнеше күннің ішінде 2 айлық жауын жауған.

Хабар 24 телеарнасы