384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика кубалық 76 мигрантты еліне қайтарды

  • 101
  • UPD: 08:02, 16.06.2019
Мексика кубалық 76 мигрантты еліне қайтарды

Мексика билігі ел аумағына заңсыз кірген 76 кубалық мигрантты отанына қайтарды.

Аралды елдің тұрғындары Гаванаға ұшақпен аттандырылды. Бұдан бөлек Гондурастан келген 105 кірме еліне кері қайтты. Бұған дейін 300-ге жуық Гондурас азаматы депортацияланған болатын. Еске сала кетейік, мамырдың соңында президент Дональд Трамп «Мексика заңсыз мигранттармен күреспей отыр» деп, бұл елден келетін тауарларға 5 пайыз баж салығын енгізетінін мәлімдеген. Осыдан кейін ел билігі мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдап, қос мемлекет сауда және мигранттар бойынша ортақ  келісімге келді.

Хабар 24 телеарнасы