389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте «Махарджалар мен Ұлы Моғолдардың әсемдігі» атты аукцион ашылады

  • 231
  • UPD: 10:36, 16.06.2019
Нью-Йоркте «Махарджалар мен Ұлы Моғолдардың әсемдігі» атты аукцион ашылады

Үндістан билеушілерінің аса қымбат зергерлік бұйымдары бәссаудаға қойылады.

«Махарджалар мен Ұлы Моғолдардың әсемдігі» деп аталатын аукцион маусымның 19-ы күні Нью-Йоркте өтеді. Онда соңғы 500 жылда Үндістанды билеген әулеттерге тиесілі асыл тастар, түрлі шеберлердің қолынан шыққан қарулар мен сәндік бұйымдар сатылады. Құны 15 миллион доллардай болатын алқа мен 1907 жылы жасалған үнді билеушісінің бас киімі де бәссаудаға шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы