384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде жарылыстардан 9 адам қаза тапты

  • 152
Сомалиде жарылыстардан 9 адам қаза тапты Голос Америки

Сомали астанасында 2 теракт ұйымдастырылып, 9 адам қаза тапты.

Тағы 25 тұрғын жарақат алған. Алғашқы оқиға парламентке жақын орналасқан тексеру бекетінде болды. Мұнда көлікпен келген жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Ал екіншісінде әуежайға барар жолда көлікке жасырылған бомба жарылған. Шабуылдарды «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы жасаған. Полиция осы терактілерге қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады. Тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы