Оған арнайы аймақ тұрғындарының жаппай наразылық шеруі түрткі болды.
Оппозицияның мәлімдеуінше, бұл заң жобасы адамдардың бостандығын тежейді әрі аймақтағы еркін ойлы азаматтар ішкі Қытайдың кәріне ұшырап, азап көруі мүмкін. Ал ресми Бейжің бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Гонконг басшылығы заң жобасының негізгі мақсаты халықаралық қылмыскерлердің жазадан сытылып кетпеуін қамтамасыз ету деседі. Бірақ оппозиция биліктен бұл заңнан толық бас тартуды талап етуде.