384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нотр-Дам де Пари шіркеуінде алапат өрттен кейін алғашқы уағыз оқылды

  • 168
Нотр-Дам де Пари шіркеуінде алапат өрттен кейін алғашқы уағыз оқылды Известия

Париждегі Нотр-Дам-де Пари шіркеуінде алапат өрттен кейін дін басылары жиналып алғаш рет уағыз оқыды.

Оны архиепископ Мишель Опети аз ғана адамның қатысуымен өткізді. Уағызды дін қызметшілерінің барлығы бастарына құрылыс каскасын киіп оқыды. Өйткені өртенген шіркеуде қауіп көп. Ал шара шіркеудегі мехрабты жарықтандыру күніне орай жүргізілген. Шаһар әкімшілігінің мәлімдеуінше, тақауда шіркеу алдында мінәжат алаңы ашылады.

Еске сала кетейік, Нотр-Дам шіркеуі сәуір айында өртеніп, оның төбесі мен мұнарасы жанып кеткен еді. Ел билігі әйгілі шіркеуді қалпына келтіруге уәде берген.

Хабар 24 телеарнасы