384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлалық босқындарды қабылдау тәртібі қатаңдатылды

  • 165
Венесуэлалық босқындарды қабылдау тәртібі қатаңдатылды

Перу Венесуэладан босқындарды қабылдау тәртібін қатаңдатып, визалық режим енгізді.

Себебі венесуэлалық мигранттардың саны тым көбейіп кеткен. Енді көрші елдің азаматтарынан жеке куәліктің орнына төлқұжат пен виза талап етілетін болды. Ресми Лима бұл шара қауіпсіздік үшін және миграцияны бақылауға қажет деп мәлімдеді. Ал БҰҰ-ның ресми дерегіне сүйенсек, Венесуэлада саяси-экономикалық дағдарыс басталғалы 4 миллионға жуық тұрғын босып кеткен. Олардың көбі көрші мемлекетті паналапты. Перудегі венесуэлалық мигранттардың саны қазір 800 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы