383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда электр самокат адам өліміне себепші болды

  • 435
  • UPD: 09:22, 17.06.2019

Францияда электр самокатты тізгіндеген Париж тұрғыны жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көлік жүргізушісі қамауға алынып, тергеу амалдары басталды. Қазір бұл мәселе халық арасында қызу талқыланып жатыр.

Парижде электр самокаттар кеңінен тараған көлік түріне айналды. Оларды жалға беретін  арнайы 12 оператор бар. Көліктің осы түрі халыққа неліктен тиімді? Жаңашылдық жұрттың уақыты мен ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді. Электр самокаттар қалада осыдан бір жыл бұрын көбейсе керекті. Бірақ бірнеше ай өтісімен көліктің осы бір түріне қатысты жол апаттары күрт көбейді.

БЛИЦ:

- Оларға қатысты тиісті ережелерді қабылдау керек еді деп ойлаймын. Халық оған тез үйренсе, осындай апаттар болмас еді. 

- Әрине қолданушылар үшін электр самокаттар ыңғайлы. Бірақ егде жастағы адамдар самокат қағып кетеді деп қауіптенеді. Өкінішке орай көліктің осы түрін жалға беретін операторлардың жұмыс істеуге толық құқығы бар. Дегенмен қоғамның қауіпсіздігі үшін тиісті ережелер қабылдануы шарт. 

- Машина мен мотоцикл қозғалтқыштарының дауысын естуге болады. Бірақ электр самокатының жақындағаны мүлдем білінбейді. Аяқ астынан тақап қалған құрылғыны байқамай қаласыз. Осыған орай апаттар өршіп тұр. 

Париж мэриясының мәліметінше, электр самокаттарына қатысты апаттар апта сайын жиілеп барады екен. Алайда қыркүйек айынан бастап көліктің осы түрінің қозғалысын реттейтін ережелер енгізілмек. Нақты айтар болсақ, жаяужолдармен жүруге және жылдамдықты асыруға тыйым салынады. Ал заңға құлақ аспағандарға 1.5 мың еуро айыппұл салынады. 

Анн Идальго, Париж қаласының мэрі:

- Электр самокаттардың жүрісі мен пайдалануын реттейтін арнайы заң қабылдамасақ, 2020 жылы олардың саны 40 мыңға дейін жетеді деген болжам бар. Сол үшін біз оған жол бермеуміз керек.

Ресми мәлімет бойынша, бүгінде Парижде бас аяғы 20 мың электр самокаты бар. Енді олардың саны азаяюы мүмкін. Себебі депутаттар мэриядан осыны талап етіп отыр. Бұл ретте Бордо қаласын мысалға алуға болады. Онда бір оператордағы самокаттардың саны жүзден аспауы тиіс.

Авторлары: Әлия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы