383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда темір-терсекті магнитпен аулайды

  • 134
Францияда темір-терсекті магнитпен аулайды SLON

Францияда өзен мен тоғандардан магниттің көмегімен темір-терсек жинау кеңінен тарай бастады.

Жергілікті белсенділер мұны «магнитпен балық аулау» деп те атайды. Қызықты іске ден қойғандар өзендер мен көлдерді тазалап, сирек кездестетін бағалы заттарды да тауып жатыр. Балықшылардың айтуынша, бұл іспен шұғылдануға арналған құрал-жабдық аса қымбат емес. Мысалы 800 келі темірді көтеретін магнит 100 еуро тұрады екен. Ал мамандар сақтық шарасын да ұмытпау керектігін ескертуде. Себебі Францияның солтүстігі мен шығысында 2-дүниежүзілік соғысы кезінде жарылмай қалған бомбалардың көп екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы