384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада мигранттар мінген 4 жүк көлігі ұсталды

  • 149
Мексикада мигранттар мінген 4 жүк көлігі ұсталды

Мексиканың құқық қорғау органдары заңсыз мигранттар мінген 4 жүк көлігін ұстады.

Нәтижесінде жалпы саны 800 мигрант қолға түсті. Белгілі болғандай, әрбір жүк көлігіне 200 адамнан мінген. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін қазір көлік жүргізушілері федералды прокуратураға жеткізілді. Ал қолда бар мәліметке сай, Орталық Америкадан шыққан мигранттар сапарға Вильяэрмос қаласынан аттанған. Тексеріс кезінде жүргізушілердің көкөніс тиелген деген жалған құжатпен жолға шыққаны анықталды. Өз кезегінде мигранттар елдің солтүстігіне жету үшін 3 жарым мың доллар төлегені белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы