383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда премьер-министрліктен басты үміткер Б.Джонсон пікірсайысқа қатыспады

  • 150
Ұлыбританияда премьер-министрліктен басты үміткер Б.Джонсон пікірсайысқа қатыспады

Ұлыбританияның премьер-министрі лауазымына үміткерлер арасында телевизиялық пікірталас өтті.

Алайда басты үміткерлердің бірі Борис Джонсон бұл шарадан тыс қалды. Екі сағатқа созылған дебатқа бес үміткер ғана қатысты. Британдық арна арқылы көрсетілген пікірсайысқа қатыспайтынын Борис Джонсон әу бастан аңғартқан болатын. Алайда Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі шілденің 18-і күні Би-би-си арнасында өтетін дебатта қарсыластарымен ой таластыруға уәде берді. Айта кетерлігі, келесі пікірталасқа бірнеше сағат қалғанда аз қолдауға ие болған үміткерлер анықталып, дебаттан шеттетіледі. Борис Джонсонның пікірінше, осы іріктеуден өткен қарсыластармен тікелей эфир арқылы салиқалы әңгіме өрбітуге болады.

Хабар 24 телеарнасы