384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Фанчэнган аумағында жауын соңы топан суға ұласты

  • 185
Қытайдың Фанчэнган аумағында жауын соңы топан суға ұласты

Қытайдың оңтүстігіндегі Фанчэнган аумағында толассыз жауған жауын соңы топан суға ұласты.

Судың деңгейі бір метрге жеткен. Табиғи апаттың салдарынан жол қозғалысы тоқтады. Тасқын су үйлердің төменгі қабатын тұтас алып кетті. Құтқарушылар үш сағаттық операция нәтижесінде 30 шақты адамды қауіпсіз жерге көшірген. Табиғаттың тосын мінезі аймақ экономикасына 290 мың АҚШ доллары көлемінде шығын келтірді. Фанчэнган аумағынан қауіп бұлты әлі сейілген жоқ. Мамандар жауын-шашын әлі де жалғасады деген болжам айтуда.

Хабар 24 телеарнасы