Францияның оңтүстік-шығысында көлемі теннис добындай бұршақ жауды.
Салдарынан бір адам қаза тапты. Табиғат құбылысын тұрғындар таспаға түсіріп, видеоларын ғаламторға жүктеп жатыр. Алақанның жартысын жабатын бұршақ ағаштарды құлатып, ғимараттар мен электр сымдарына зақым келтірген. Бұған қоса, табиғат апаты аймақтағы егін алқаптарын да жайпап өтті. Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, бұршақ жүзім алқабы мен жеміс ағаштарына айтарлықтай зиянын тигізген. Қазір шенеуніктер шығын көлемін есептеп жатыр.