384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалада президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды

  • 356
Гватемалада президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды Юга.ру

Гватемалада президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды.

Оған сәйкес, елде дауыс берудің екінші кезеңі өтуі мүмкін. Жоғарғы сайлау сотының мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта бюллетеньдердің 10 процентіне жуығы саналған. Ол бойынша 22,57 процентпен социал-демократиялық күштер өкілі Сандра Торрес көш бастап тұр. Екінші орында – кәсіпкер Алекхандро Джамматей. Ол әзірге 16,11 процент дауыс жинаған. Ал үздік үштікті БҰҰ бұрынғы қызметкері Эдмонт Мулет 13,08 процент дауыспен қорытындалады. Айта кетсек, бірінші турда жеңіске жету үшін кез келген үміткер 50 процент дауыс жинауы тиіс. Алайда байқаушылардың айтуынша, 19 үміткер қатысқан сайлаудың бір турмен шектелуі мүмкін емес. Енді ең көп дауыс жинаған екі үміткер 11 тамызда екінші тур аясында жарысқа түседі.

Хабар 24 телеарнасы