383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голан жотасындағы қонысқа Трамптың аты берілді

  • 173
  • UPD: 18:47, 17.06.2019

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Голан жотасындағы жаңа қоныстың ашылуына қатысты.

Ол АҚШ Президентінің құрметіне орай «Трамп жотасы» деп аталған.  Естеріңізге сала кетсек, Наурыз айында Ақ үй басшысы Голан жотасын Израильдің бір бөлігі деп таныған болатын. Жаңадан тұрғызылатын  елді мекенде  әзірге тек Трамп есімі жазылған белгі мен АҚШ және Израильдің тулары қойылған. Айта кетейік, Голан шыңдары қазіргі Ливан, Сирия, Иордания және Израильдің шекаралық аумағында орналасқан. 1967 жылы Израиль даулы жерді алты күндік соғыста Сириядан тартып басып алған болатын. Ал 1981 жылы Израиль бұл аймақты өз құзыретіне алғанымен, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бұл шешімді жоққа шығарды.

Дэвид Фридман, АҚШ-тың Израильдегі елшісі:

- Дональд Трамптың Голан шоқтығын Израильге тиесілі деп танығаннан кейін жаңа қоныстың ашылуы - дұрыс шешім. АҚШ халқы мұны қолдайды. Меніңше, Трамп шоқтығы мұндағы өмірге жаңа леп бермек.

Хабар 24 телеарнасы