384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияның мемлекеттік туына 800 жыл толды

  • 187
Данияның мемлекеттік туына 800 жыл толды

Осыған орай ел тұрғындары атаулы күнді шат-шадымен тойлады.

Мерекелік шара Копенгагеннен 100 шақырым жерде орналасқан Вордингборг сарайында ұйымдастырылды. Оған басты қонақ болып Фредерик ханзадасы мен оның жұбайы қатысты. 

Айта кетейік, Дания туының дүниеге келуі XIII ғасырдан бастау алады. Аңыз бойынша 1219 жылдың 15 маусымында даниялықтар эстондықтармен Таллин бойында соғысқанда, қолын аспанға көтерген патшадан қызыл түсті матаға үлкен крест белгісі салынған жалау желбіреген деседі. Жүздеген адам жиналған мерекеде би биленіп, ән шырқалды. Ұлттық тағам түрлері де назардан тыс қалмады. 

Хабар 24 телеарнасы