383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пентагон Таяу Шығысқа әскер жібереді

  • 226
Пентагон Таяу Шығысқа әскер жібереді

Вашингтон Ираннан төнген қауіп-қатерді негізге ала отырып Таяу Шығысқа қосымша мың әскерін жібермек ниетте.

АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Пентагонның бұл әрекеті Оман шығанағындағы екі танкерге жасалған шабуылмен байланысты. АҚШ билігі бұл оқиғаға Иранның тікелей қатысы бар деп отыр.

Айта кетейік, Вашингтон мен Тегеран арасындағы дау Иранның 2015 жылғы ядролық келісімнің кейбір талаптарын орындаудан бас тартып, ядролық қару дайындауға қажет байытылған уранды қайта өндіре бастайтынын жариялаған соң туды.

Хабар 24 телеарнасы