384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египеттің бұрынғы президенті М.Мурси қайтыс болды

  • 176
Египеттің бұрынғы президенті М.Мурси қайтыс болды

Египеттің бұрынғы президенті әрі «Мұсылман бауырлар» исламдық ұйымының бұрынғы көшбасшысы Мұхаммед Мурси 68 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Мысырдың мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, Мурси сот залында жүрегі ұстап, бақилық болып кетті. Оған тыңшылық жасады деген айып тағылған. Оған қоса палестиналық ХАМАС және ливандық «Хезболла» радикалды топтарымен байланыста болғаны үшін соттаған болатын.

Мұхаммед Мурси – Араб төңкерісінен кейін 2012 жылы демократиялық жолмен сайланған алғашқы президент. 2013 жылдың шілде айында әскерилер оны биліктен ығыстырады. Мемлекеттің басқару тізгінін Абдул-Фаттах ас-Сиси келіп «Мұсылман бауырлар» ұйымын лаңкесшілердің ұйымы деп таниды. 20 жылға бас бостандығынан айырылған Мұхаммед Мурси өмірінің соңғы жылдарын түрмеде өткізген.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Мурсимен ежелден дос едік. Тіпті ол президент болып сайланбай тұрып-ақ бір-бірімізді жақсы таныдық. Сол достық берік сақталды. Мурсидің ақтық демі төңкерістен кейінгі мемлекет әкімшілігі тағайындаған сотта үзілді. Жүрегі қиянатқа шыдамаған шығар.

Хабар 24 телеарнасы