383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада Попокатепетль жанартауы оянды

  • 144
Мексикада Попокатепетль жанартауы оянды

Мексиканың Веракрус штатының солтүстігіндегі Пуэбла таулы ауданында Попокатепетль жанартауы оянды.

Одан атқылаған түтін мен күлдің биіктігі 4 шақырымға дейін жетеді. Тіпті толассыз атқылап жатқан жанартау Пуэбла мен Морелос штатынан да көрінеді. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, бұл жанартау әлемдегі ең қауіптілердің бірі болып саналады. Қазір мамандар оның әрекетін жіті бақылап, жергілікті халыққа қауіпті аймаққа жақындамауға кеңес береді. 

Хабар 24 телеарнасы