384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда аптап ыстықтан 50-ге жуық адам көз жұмды

  • 192
Үндістанда аптап ыстықтан 50-ге жуық адам көз жұмды

Үндістанда бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр.

Табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Қазір аймақтағы барлық мектептер маусымның 22-сіне дейін жабық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, қазір ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Бұл аздай Бихар штатында энцефалит деп аталатын мидың қабынуы дертінен балалар зардап шегуде. Тез жайылып бара жатқан қауіпті дерттен шамамен 100 бала көз жұмды. Ал ауруханада ем қабылдап жатқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы