384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны бекітті

  • 204
ЕО Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны бекітті RT

Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Орталық Азия аймағы бойынша жаңа стратегияны бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құжаттың жаңа нұсқасы Қазақстан мен аймақтағы өзге елдердің ұсыныстарын ескеріп барып қабылданған. Қазірдің өзінде Еуроодақ пен Орталық Азияны ортақ мүдделері тығыз байланыстырып, қарым-қатынастары бұрын-соңды болмаған жаңа деңгейге көтерілді. Еуроодақ Кеңесі аймағымыздағы елдермен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөнінде өзара тиімді келісімдер жасасуға өз ниетін білдіріп отыр.

Еуроодақ Кеңесі 2007 жылы Орталық Азия үшін тұңғыш стратегияны қабылдағаннан бері Еуроодақ және Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан арасында қарым-қатынастың жыл санап бекемдеп келе жатқанына жоғары баға беріп отыр.

Еуроодақ аясында Орталық Азиядағы жеке мемлекеттердің реформалар жүргізу барысына жіті мән беріліп отыр. Бұған адам құқықтарын сақтау, заң үстемдігі мен сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еркін нарықтық экономика жағдайында жекеменшік саланы әртараптандыру кіреді.

Жаңа стратегияның маңызды екі қыры бар. Бұл – реформалар жүргізу арқылы даму тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша серіктестік. Екінші бағыты  - экономикалық жаңғырту және жастарды инвестициялау жолымен аймағымызды гүлдендіру болып тұр. Еуроодақ дипломатиялық қызметінің жетекшісі Федерика Могерини 7 шілдеде Бішкекте өтетін Еуроодақ Орталық Азия министрлік кездесуінде одақтың жаңа стратегиясымен таныстыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы