Қытайдың оңтүстік-батысында жер сілкінісі болды.
Табиғат апатынан 12 адам мерт болып, 120-дан астам тұрғын түрлі жарақат алған. Сонымен қатар зілзала ондаған ғимараттың тас талқанын шығарды. Жерасты дүмпуі Сычуань провинциясында тіркелген. Мамандардың айтуынша, оның магнитудасы алдымен 5,9 балл, кейін күші 5,2 балға дейін төмендеді. Қазір апатты аймақта құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.