384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда кеме апатынан 17 адам қаза тапты

  • 165
Индонезияда кеме апатынан 17 адам қаза тапты

Индонезияда жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, салдарынан 17 адам қаза тапты.

Тағы біреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқиға Шығыс Ява провинциясының жағалауында болды. Құтқарушылардың мәліметінше, апаттан 39 жолаушы аман қалған. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алдын ала дерек бойынша, апатқа кемедегі жүктің шамадан артық болуы мен қатты ағыс себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы