383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Крайстчерчтегі шабуылдың бейнежазбасын таратқан тұлғаға жаза тағайындалды

  • 163
Крайстчерчтегі шабуылдың бейнежазбасын таратқан тұлғаға жаза тағайындалды

Крайстчерчтегі қанды қырғынның бейнежазбасын таратқаны үшін Жаңа Зеландияның тұрғыны 21 айға бас бостандығынан айырылды.

44 жастағы Филлип Арп шабуыл видеосын әлеуметтік желі арқылы тағы отыз адаммен бөліскен. Естеріңізге салсақ, наурыз айында қаруланған ер азамат Крайстчерчтегі екі мешітке шабуыл жасап, 51 адамды атып тастады. Оған қоса, қылмысты фэйсбук парақшасы арқылы тікелей эфирден көрсеткен. Ал Филлип Арп жантүршігерлік атыс видеосының басқа нұсқасын жасаған көрінеді. Мәлім болғандай, айыпталушы бұған дейін де жауапқа тартылған. 2016 жылы ол Жаңа Зеландиядағы мешіттердің біріне доңыздың қанды басын жіберген. Мұндай ерсі қылығы үшін сол кезде 543 доллар көлемінде айыппұл төлеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы