389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода тайпалар қақтығысынан 161 адам қаза тапты

  • 333
  • UPD: 07:49, 19.06.2019
Конгода тайпалар қақтығысынан 161 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығыс провинцияларында 161 адам ажал құшты.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, оған хема мен ленду тайпалары арасындағы этносаралық жанжал себеп болған. Жаулас тайпалар қақтығысы мал жаю құқығына ие болудан басталыпты.

Айта кетейік, екі тайпа арасындағы шиеленіс 1999 жылдан бері жалғасып келеді. Өткен жылы одан жүздеген адам қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы