383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Ираннан үмітін үзер емес

  • 173
  • UPD: 07:55, 19.06.2019
Еуроодақ Ираннан үмітін үзер емес

Еуроодақ Атом қуаты бойынша халықаралық агенттік ресми жарияламайынша Иранның ядролық келісімді бұзды деген мәлімдемелерін мойындамайды.

Одақ басшылығы Тегеран бұл келісім аясында алған міндеттемелерін толық орындайтынына үміт білдіріп отыр. Бұл туралы Еуроодаққа мүше елдер сыртқы істер министрлерінің Кеңесі аяқталғаннан кейін Федерика Могерини мәлімдеді. Еске салып кетсек, жуырда Иран ядролық отын шығаруға байланысты негізгі шектеулердің бірін бұзатынын жариялаған.

Федерика Могерини, ЕО Дипломатиялық қызметінің жетекшісі:

- Иранның ядролық келісім шарттарын орындауын ешқашанда құр мәлімдемелерге сүйеніп бағалаған жоқпыз. Ол сенімді Атом қуаты бойынша халықаралық агенттігінің баяндамаларына, ақиқат деректеріне сай негізделуі тиіс. Қазіргі кезде Иран келісім-шарттарын орындап жатыр, болашақта да осы жолдан таймайтынына сенеміз. Бір-бірімізге жала жабудан аулақ болу керек. Біз ядролық келісімді сақтауға мүдделі екенімізді жақсы білесіздер.

Хабар 24 телеарнасы