384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде бірыңғай мемлекеттік емтиханнан 500 оқушы аудиториядан шығарылды

  • 207
  • UPD: 11:35, 19.06.2019

Ресейдегі бірыңғай мемлекеттік емтихан өткен аптада өткізілді. Сынақ кезінде әртүрлі тәртіп бұзушылыққа байланысты 500 оқушы аудиториядан шығарылған.

Оқушы түгілі ұстаздардың өздері де бұл мектеп сынағы емес нағыз психологиялық сынақ деп шағымданатын болды. 

Ресейдің Чебоксары қаласында біріңғай мемлекеттік емтихан тапсырып жатқан жерінде баланың жүрегі тоқтап қалды. Ал Екатеринбург қаласында лицейді тәмамдаған оқушы сынақ алдында өз өзіне қол жұмсаған. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындалатын оқушылардың 70 пайызы күйзеліске ұшырап, әрбір үшінші бала жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі қабылдайтын көрінеді. 

Валерия Касамара, жоғарғы экономика мектебінің проректоры:

-  Күйзеліске байланысты балалардың жүйке жүйесінің сыр бергені соңғы кезде қатты байқалады.  Бұдан он жыл бұрын мұндай күйзеліс оқушыларға тән емес еді. Біріңғай мемлекеттік емтиханға деген көзқарас та ол кезде мүлде басқа еді.

Емтихан кезінде күзет қатаңдатылып, видео бақылау орнатылады. Осының бәрі үрей тудыратыны анық. Тіпті жергілікті мектептердің бірінде әжетхананың есігіне дейін шешіп алған. Білім беру саласындағы шенеуніктер тест сұрақтары соншалық қиын емес деген пікірде. Олардың айтуынша, шәкірттің сұрақтарға жауап бере алмауы - оқу ордаларының осал жұмысының нәтижесі. Мәселен Ресейде әрбір бесінші ұстаздың кәсіби біліктігі талапқа сай емес. Бүгінде ата-аналар балаларына ақылы түрде жеке сабақ беретін мұғалімдерге жүгінеді.

Лилия Гумерова, Ғылым, білім және мәдениет жөніндегі федерация кеңесі төрағасының орынбасары:

- Түрлі зерттеу нәтижелеріне сәйкес, көлеңкелі репетиторлық қызмет нарығының айналымыда 14 пен 20 миллиард рубль шамасында ақша жатыр. Алайда жоғары экономика мектебі жүргізген зерттеу бұл сомманың 130 миллиард рубльге жеткенін көрсетеді. Бәрінен бұрын ұстаздың мектепте сабақ беріп, кешкісін дәл сол пән бойынша ақылы түрде сынаққа дайындауы қынжылтады. 

Билік өкілдері кадр даярлау мәселесіне баса мән беру керек дегенді алға тартады. Ал мұғалімдер болса, мемлекеттік атестация дұрыс ұйымдастырылмайды деп шағымданады.

Всеволод Луховицкий, ұстаздар кәсіподағының төрағасы:

- Қазігі аттестация жүйесі нашар.  Ол бала тұрмақ ата-аналар мен ұстаздардың түгелін күйзеліске салып қоятындай етіп жасалған. 

Енді Ата-аналар мен шенеуніктер мектеп бітірушілер сынақтан сәтті өту үшін оларға емтихан кезінде қолайлы жағдай туғызып,  алдын-ала психологиялық дайындықтан өту керек деген пікірді бір ауыздан қолдап отыр.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы