384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook жеке криптовалютасын шығарады

  • 314
  • UPD: 14:02, 19.06.2019

Facebook компаниясы өзінің жеке криптовалютасын шығаратынын жариялады.

Қазір жобаны жүзеге асыру бойынша ірі төлем жүйелері мен венчурлік қорлар атсалысып жатыр. Атап айтқанда олардың қатарында Mastercard, Visa, e-Bay, PayPal жүйелері бар. Жаңа криптовалюта келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Ал қаржылық қызметтерді еншілес фирма көрсетпек. Осылайша қолданушылар арнайы әмиян арқылы электронды ақшамен төлем жасай алады. Ол бастапқыда мессенджерлерде қолжетімді болады. Кейін жеке дара қосымша ретінде пайда болмақ. Бұған қоса, жобаны жасаушылар қолданушыларға басқа да қаржылық қызметтерді ұсынуды көздеп отыр. Оның ішінде несие рәсімдеу де қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы