389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде бес жылға дейін баспана жалдау бағасы өспейді

  • 326
  • UPD: 15:20, 19.06.2019

Берлинде баспананы жалға алу бағасы бес жылға дейін қымбаттамайды.

Германия астанасының әкімшілігі тиісті заң жобасын мақұлдады. Ол келесі жылдың қаңтар айында қабылданады деп күтілуде. Жобаға сәйкес, Берлиндегі 1 жарым миллион пәтер мен үй бекітілген бағамен ғана жалға беріледі. Алайда жаңадан салынған үйлер мен әлеуметтік баспанаға мұндай жеңілдік болмайды. Жалпы Берлинде жалға алынатын баспананың орташа бағасы мың еуродан асады.  Жыл басынан бері пәтерақы 7 процентке өсті. Соңғы он жылда үйді жалға алу екі есеге қымбаттаған. Жалпы Берлин Германиядағы қымбат қалалардың санатынан емес.  Өмір сүру деңгейі жоғары қалалардың қатарына Мюнхен, Гамбург пен Франкфурт енген. Жалпы Еуропадағы ең қымбат қала Лондон саналады. Мұндағы пәтерді жалға алу құны 2 мың еуродан асып жығылады.

Хабар 24 телеарнасы