383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда 5 мың метр биіктіктен альпинистер құтқарылды

  • 103
  • UPD: 14:12, 19.06.2019
Пәкістанда 5 мың метр биіктіктен альпинистер құтқарылды

Пәкістандық әскерилер 5 мың метр биіктікте қалып қойған бір топ альпинисті құтқарды.

Олардың төртеуі италиялықтар, ал қалған екеуі пәкістан азаматы. Оқиға Гизар ауданының солтүстігінде орналасқан Ишкоман алқабында орын алды. Қар көшкінінен соң шыңға өрмелеушілер таудан төмен түсе алмай, қиындыққа тап болған. Салдарынан бір адам қаза тапты. Алайда көп ұзамай спортшыларға пәкістан әскерилері көмекке келіп, тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірген. Қазір зардап шеккендердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы