384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда премьер-министр қызметіне іріктеудің екінші кезеңі өтті

  • 195
  • UPD: 14:22, 19.06.2019
Британияда премьер-министр қызметіне іріктеудің екінші кезеңі өтті

Ұлыбритания премьер-министрлігіне кезекті іріктеу кезеңі өтті. Бұл жолы Брексит мәселесі жөніндегі бұрынғы министр Доминик Рааб саяси науқаннан шет қалды. 

Жарыс жолын ары қарай жалғастыру үшін әр үміткерге торилер мен консервативті партия депутаттарының 33 дауысын жинауы қажет болатын. Сөйтіп, консервативті партия көшбасшысы әрі елдің Премьер-министрлігіне үміткер 5 кандидаттың арасында пікірталас өтті. Оның нәтижесінде Борис Джонсон көш бастады. Бұрынғы сыртқы істер министрін консерваторлардың 126 өкілі қолдады.

Хабар 24 телеарнасы