387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылы Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 3,5 процентке артқан

  • 383
  • UPD: 22:49, 19.06.2019

Қарқыннан гөрі тұрақтылық маңызды.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамында болған алғашқы бесжылдығын қорытындылаған жергілікті сарапшылар қауымдастығы осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. «Бүгінде тез нәтиже күтудің орнына одақтас елдер экономикаларының өзара әрекеттесу үрдісін қалыптастыруға жіті көңіл бөлуіміз қажет», – дейді олар.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруінің бесжылдығына орайластырылған пікірсайысты «Еуразиялықтар – жаңа толқын» қоры ұйымдастырған. Бұл шара жастардың аға буыннан гөрі интеграциялық үрдістерді жіті түсінетін көрсетті. Осының себебі де белгілі – жаңашылдықтың жемісін көретін де олар.

Алина Молдокеева, саяси ғылымдар кандидаты:

- Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық параметрлері бізге біртіндеп енгізіліп келді. Енді ғана бірлестікке толыққанды ене бастадық. Алдымызда әлі қыруар жұмыс бар.

Одаққа кіру барысындағы көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімі 3,5 процентке артып, өзара сауда айналымы 5%-ға өскен. Бірлесудің Қырғызстан үшін тиімді болғаны рас. Әсіресе еңбек нарығында. Жұмыс күшінің еркін ауысуы арқасында одақ аясында жұмыс іздеген қырғызстандықтарға қолайлы жағдай жасалған.

Денис Бердаков, саясаттанушы:

- Одаққа кіруіміз еліміздің әрбір тұрғынының күнделікті тіршілігіне әсер етті деуге болады. Оның жұмысына, күнкөрісіне, тіпті жеген тамағы мен киген киіміне ықпал еткен. Бір жағынан, бұл үлкен жетістік, екінші жағынан, зор еңбек.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы әлемде белең алған тұрақсыздықтың кері әсерін барынша азайтты. Болашақта одақтың бірыңғай парламентін құру көзделіп отыр. Бұл интеграциялық үрдісті одан әрі дамытады. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы