384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румынияда Uber қызметіне қарсы акция өтті

  • 139
Румынияда Uber қызметіне қарсы акция өтті

Бухарестің такси жүргізушілері Uber қызметін іске қосуға қарсылық білдірді.

Жүздеген таксист қызметтік көліктерін ел парламентінің алдында қалдырды. Осылайша румындықтар депуттарды Uber-ге қатысты заң жобасын мақұлдамауға үндеді.

Айта кетерлігі, такси жүргізушілері бір айдан бері осыны талап етуде. Белсенділер жолаушыларды тасуға арналған мобильді қосымшаларға тыйым салғызуды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы