383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кипр Түркияға қарсы санкция салдыруды талап етуде

  • 151
Кипр Түркияға қарсы санкция салдыруды талап етуде

Кипрмен шекаралас аймақта табиғи газ кенішін барлау мақсатында Түркия екінші бұрғылау кемесін іске қосады.

Түркияның энергетика министрі бұл райынан қайтпайтынын аңғартты. Бұған дейін Грекия соты оған тыйым салған. Мамыр айының басынан бері Фатих бұрғылау кемесі Кипрдің батыс жағалауы маңында барлау жұмысына кіріскен. Маусым айында кеме табиғи газ кенішін бұрғылауды бастады. Грекияға қарасты Кипр әкімшілігі экипаждың бұл жұмысын заңсыз деп таныды. Сонымен қатар мәселенің ақ-қарасын ажырату үшін Еуропалық одақ көмегіне жүгінді. Ал ресми Анкара маусымның 20-ы күні екінші бұрғылау кемесін жіберетінін мәлімдеді. Бұған қарсы Грекия Еуропалық одақ тиісті шара қолдануы тиіс деген пікірде. Кипр әкімшілігі Түркияға қарсы санкция салдыруды талап етуде. Олай болмаса, Кипр лдаққа мүше болғысы келетін елдерге кедергі келтіретінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы