389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Д.Хашогги өліміне мұрагер ханзаданың қатысы бар

  • 266
БҰҰ: Д.Хашогги өліміне мұрагер ханзаданың қатысы бар

Журналист Джамаль Хашоггидің өліміне Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасының қатысы бар.

БҰҰ тергеушілері жинаған дәлелдер осыған саяды. Бұл туралы тергеу тобын басқарған Аньес Калламар мәлімдеді. Оның айтуынша, Джамаль Хашогги қасақана өлтірілген. Тіпті мұны өлім жазасы деуге болады, дейді тергеуші. Халықаралық ұйым адам құқығы тапталған бұл жағдайға қатысты Сауд Арабиясын жазалауды ұсынды. Әзірге ресми Эр-Рияд бұл айыпқа жауап қатпады. Айта кетейік, тергеу жұмыстарына адвокаттар, криминалистер де қатысты. Жүз беттен тұратын есеп жарты жыл бойы жіті зерттеліп, дайындалған.  

Хабар 24 телеарнасы