389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде 20 мигрант із-түзсіз жоғалып кеткен

  • 215
Жерорта теңізінде 20 мигрант із-түзсіз жоғалып кеткен Капитал

Испания құтқарушылары Жерорта теңізіндегі із-түзсіз жоғалған 20 мигрантты іздестіріп жатыр.

Кеше олар 27 адамды аман-есен жағаға жеткізген болатын. Сейсенбі күні Мороконның солтүстік-шығысы жағалауынан жолға шыққан келімсектердің қайығы көзден таса болғаны хабарланды. Сәрсенбі күні жолаушылар кемесінің экипажы суда қалқып жүрген қайықты кезіктіріп, 27 адамды құтқарып алды. Алты мигрант тікұшақпен дереу Испания жағасына жеткізілді. Жалпы 2015 жылдан бері Еуропаға теңіз арқылы жеткісі келетін босқындар саны біршама кеміген. Осыдан төрт жыл бұрын келімсектер саны бір милионнан асса, былтыр 140 мыңға дейін қысқарды. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, биыл 23 мыңға жуық мигрант теңіз арқылы Еуропа жағалауына жеткен.

Хабар 24 телеарнасы