384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда энцефалит 128 баланың өмірін қиды

  • 159
Үндістанда энцефалит 128 баланың өмірін қиды Известия

Үндістанның Бихар аймағында үш аптаның ішінде 128 бала көз жұмды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, бұл өңірде өткір энцефалит, яғни ми қабынуының дерті тараған. Қазіргі таңда Бихар ауруханаларында 450-ге жуық бүлдіршін ем қабылдап жатыр. Кейбірінің жағдайы тіпті мүшкіл. Індеттің таралуына аптап ыстық пен ауаның ылғалдығы себеп. Бұған дейін дәрігерлер балалар Личи жемісінен уланған деген болжам жасаған еді.

Хабар 24 телеарнасы