383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық соттың «Adidas» сауда белгісіне қатысты шешімі шықты

  • 191
Еуропалық соттың «Adidas» сауда белгісіне қатысты шешімі шықты

Еуропалық сот «Adidas» компаниясының логотипін сауда белгісі деп танудан бас тартты.

Әйгілі үш жолақты таңба енді Еуроодақтың заңнамасымен қорғалмайды. Себебі бұл белгінің ешқандай ерекше сипаты жоқ және оны өзге таңбадан ажырату мүмкін емес. Сондықтан неміс концерні оны өзгелердің қолдануына тыйым сала алмайтын болды. Айта кетейік, «Adidas» компаниясының тарихы 1924 жылдан бастау алады. Германияда ағайынды Ади мен Рудольф Дасслер аяқ киім зауытын ашады. Бірақ 1948 жылы ортақ бизнес екіге бөлініп, оның бірі «Адидас», ал екіншісі «Пума» болып құрылымдалған еді.

Хабар 24 телеарнасы