389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда тұрғын үй жарылысынан 3 адам қаза тапты

  • 252
Италияда тұрғын үй жарылысынан 3 адам қаза тапты

Италиядағы Гориция қаласының орталығында тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті.

Оған тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған. Жергілікті өрт сөндіру қызметінің мәлімдеуінше, 3 пәтерлі үйдің бірі жарылыс кезінде бос тұрған. Ал қалған екеуінде 3 тұрғын болыпты. Көпсағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар үйінді астынан ер азамат пен әйел адамның денесін тапты. Көп ұзамай үйдің бірінші қабатында тұратын 50 жастағы кембағалдың денесі де табылған. Қазір қалалық прокуратора осы оқиғаға қатысты іс қозғады.

Хабар 24 телеарнасы