389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран күштері америкалық дронды атып түсірді

  • 293
Иран күштері америкалық дронды атып түсірді

Иран өзінің әуе кеңістігіне кіріп кеткен америкалық барлаушы дронды атып түсірді.

Оқиға Ормуз бұғазына жақын  орналасқан Хормозган провинциясының оңтүстігінде болды. Атып түсірілген дрон Таяу Шығыстағы АҚШ әскери-теңіз күштеріне тиесілі. Бастапқыда Америка тарапы бұл мәліметті растаудан бас тартқанымен соңынан оны растады. Бірақ аппараттың халықаралық кеңістікте ұшқанын айтып отыр.

Еске сала кетейік, соңғы айларда АҚШ пен Иран арасындағы қатынас шиеленісіп, Вашингтон Таяу Шығыстағы әскерін күшейткен. Ал өткен аптада Оман шығанағында екі танкерге шабуыл жасалып, АҚШ Иранды айыптаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы