384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландтағы ұйымдар дамыған елдерден қоқыс импорттауға қарсы

  • 117
Таиландтағы ұйымдар дамыған елдерден қоқыс импорттауға қарсы

Таиландта экологиялық ұйымдар дамыған елдерден пластик қоқысты әкелуге тыйым салуды талап етіп жатыр.

Наразылық шарасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы басшыларының кездесуі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Табиғатты қорғаушылар саммитте осы мәселені шешуге бағытталған бірлескен мәлімдеме қабылдауды сұрауда.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын бұл қауымдастықтың кей мүше елдері дамыған елдерден қоқыс әкелуге тыйым салды. Таиланд бұл бағытта әзірге ешқандай шара қолға алмаған. Бірақ үкімет пластик қоқысты импорттауды келесі жылы тоқтататынын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы