389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда парламент алдындағы қақтығыста 70-тен астам адам жарақат алды

  • 320
Грузияда парламент алдындағы қақтығыста 70-тен астам адам жарақат алды

Грузия астанасы Тбилисиде халық парламент маңында жиналды.

Жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары резеңке оқ, көз жасаурататын газ бен суатқыш қолдануға мәжбүр болды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылар мен полицияның қақтығысынан 70-тен астам адам жарақат алды. Олардың арасында тәртіп сақшылары мен тілшілер де бар. Ашуға бой алдырғандар елдің ішкі істер министрін, мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысын және спикер Ираклий Кобахидзенің отставкаға кетуін талап етті. Сонымен қатар Парламентаралық православия ассамблеясында Ресей делегациясының қатысуына қарсылығын білдірді.

Айта кетейік, наразылық акция Тбилисиде өткен Парламентаралық православия ассамблеясында Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Сергей Гаврилов парламент спикерінің орнынан бірінші болып сөз сөйлегенінен кейін басталды.

Хабар 24 телеарнасы