384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда жол апатынан 43 адам көз жұмды

  • 164
Үндістанда жол апатынан 43 адам көз жұмды

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиғадан 43 жолаушы қайтыс болып, 30-дан астам жолаушы жарақат алды. Жергілікті билік апаттың нақты себебін жариялаған жоқ. Болжам бойынша, көлікте тым көп адам отырғандықтан автобус шатқалға құлап түскен.

Айта кетейік, Үндістанда жыл сайын жол апатынан шамамен 150 адам көз жұмады.

Хабар 24 телеарнасы